» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қош бол, балабақшам!!!

Автор: admin от 25-05-2016, 00:00, посмотрело: 588

0
 
"Нұр Отан" партиясы Әуезов аудандық филиалы КСК "Алма" №60 балабақша бастауыш партия ұйымында «Қош бол, балабақша» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды 
 
2016 жылдың 23, 24 мамыры күні "Нұр Отан" партиясы Әуезов аудандық филиалы КСК "Алма" №60 балабақша бастауыш партия ұйымында «Қош бол, балабақша» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Өткен күннің  белгісі жоқ....  кешегі сәбилер бүгін  балабақша түлегі болып отыр. Бұл  әрі көңілді, әрі қимас сезімге толы мереке.  Біздің түлектеріміздің өміріндегі ең  маңызды мереке болып отыр. Балалар есейіп, барынша ересек өмірге қадам басып, мектепке бармақшы! Мереке барысында көптеген жақсы тілектер айтылды.  Түлектерді «бірінші сыныпқа ауысқан»  мерекесімен құттықтауға  сәбилер де келді. Балалар өлең оқып, ән салып, оқу құралдарын бір кісідей портфельге  салды. Мереке соңында ата-аналарға алғыс хаттар, түлектерге естелік сыйлықтар тапсырылды.Сәт сапар болсын жас достар! Мектеп өмірі ашық, ақжарқын, қызыққа толы болсын, мейірімді де,  тәлімді ұстаздардан терең  өнеге-білім алатын болыңдар!

Қош бол, балабақшам!!!

 



Категория: Мероприятия и праздники