«Жоба әдісі - заманауи білім нәтижесіне қол жеткізу тәсілі»
Балабақшаның педагог-қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмаса отырып, замауи технологияларды қолдану мақсатында тәрбиешілер Манакова Сандуғаш пен Бектенісова Назгулдің ұйымдастыруымен "Жоба әдісі - заманауи білім нәтижесіне қол жеткізу тәсілі» атты семинар өткізілді. Семинар барысында слайд арқылы баяндама оқылды,семинар соңынан балабақша меңгерушісі барлық 14 топтың арасына жоба әдісі арналған тақта жасау туралы жарыс жариялады.