"Бақытты балалық"
Алматы қаласы Әуезов
ауданында партияның «Бақытты балалық» жобасы
аясында «Алма» БПҰ-ның төрайымы Сәрсембаева Ақтамақ Өмірбекқызының басшылығымен «Жас Отан» жастарымен бірлесе №60
балабақшада «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты, балғындардың дендерінің сау, шымыр
болып өсуі табылады. жарысқа балабақша тәрбиеленушілеріне "Кім жылдам?", «Жүйрік ат», «Допты себетке сал», «Вело жарыс» сынды турлардан балалар сүрінбей өтті. Жарыс соңында «Алма» БПҰ төрайымы Жас Отанмен бірлесе кішкентай бүлдіршіндерге сый-сыяпат
тарту етті.