8 наурыз мерекесі құтты болсын! » КМҚК "№60 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№60 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-66-89
Әдіскер:
+7(727) 373-66-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
31
март
2016

8 наурыз мерекесі құтты болсын!



 

    Алғашқы көктем мерекесі - 8 наурыз. Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар ! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.
   Осы мерекеге орай "Нұр Отан" партиясы КСК "Алма" №60 балабақша бастауыш партия ұйымында, партияның "Бақытты балалық" жобасының негізінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндеріміз ата-аналарына арнап би билеп, ән шырқап, өнерлерін ортаға паш етті.