«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦🤗
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦 Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік» атты танымдық сабақ өткізілді. 🚷 Сабақ барысында тәрбиеленушілер жолда жүру ережелерімен танысып, жаяу жүргінші жолы, бағдаршамның түстері және жол белгілерінің маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, алған білімдерін есте сақтауға көмектесті.🚦 📍Қауіпсіздік – басты байлығымыз!