Біз туралы » КМҚК "№60 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№60 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-66-89
Әдіскер:
+7(727) 373-66-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің- әз Наурыз!"
01
апрель
2026
"Қош келдің- әз Наурыз!"
Қош келдің- әз Наурыз! 🌸 Биылғы Наурыз мерекесін ерекше көңіл-күймен, кең көлемде атап өттік. Барша ата-аналарымыз белсене қатысып, әр топ өздерінің бұрыштарын ұлттық нақышта әсемдеп, қазақы стильді керемет көрсете білді. Балаларымыз да өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, салт-дәстүрлерімізді дәріптеді. Әрбір қойылым көрерменнің жүрегінен орын алды 💫 Осындай тамаша мерекеге атсалысқан ата-аналарға, тәрбиешілерге және бүлдіршіндерімізге алғысымыз шексіз! Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты
"Көктем аруы-2026"
02
март
2026
"Көктем аруы-2026"
🌸 «Көктем аруы – 2026» 🌸 Балабақшамызда тәрбиешілер арасында өткен «Көктем аруы – 2026» байқауы шынайы сұлулық пен парасаттың, өнер мен кәсібиліктің мерекесіне айналды. Көктемнің нәзік лебі мен ұстаз жүрегінің жылуы үйлескен бұл кеш әр қатысушының таланты мен ішкі жан дүниесін айшықтай түсті. Байқауға әділ қазы алқасы ретінде балабақшамыздың ардақты, зейнеткер меңгерушісі Сәрсембаева Ақтамақ Өмірбекқызы арнайы қатысып, ақ батасын беріп, ізгі тілегін арнады. Оның парасатты пікірі мен өмірлік
"Отбасылық толағай-ортақ жеңіс!"
20
февраль
2026
"Отбасылық толағай-ортақ жеңіс!"
 Отбасылық толағай, бұл жай ғана жарыс емес… Бұл — әке күшінің, ана мейірімінің, бала қуанышының тоғысқан сәті 🤍
Семинар; "Қаржылық сауаттылық" КЕЙС-ЛАБ
13
февраль
2026
Семинар; "Қаржылық сауаттылық" КЕЙС-ЛАБ
"Рөлдік ойын түрінде театрландырылған іс-шара арқылы балалардық қаржылық сауаттылығын арттыру" КЕЙС-ЛАБ семинары Балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілерінің қатысуымен
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦🤗
12
январь
2026
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦🤗
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦 Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік» атты танымдық сабақ өткізілді. 🚷 Сабақ барысында тәрбиеленушілер жолда жүру ережелерімен танысып, жаяу жүргінші жолы, бағдаршамның түстері және жол белгілерінің маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, алған білімдерін есте сақтауға көмектесті.🚦 📍Қауіпсіздік – басты байлығымыз!
"Балауса" тобы✨
18
декабрь
2025
"Балауса" тобы✨
🌱 «Жапырақ тамырдан нәр алады» 🌱 Бүгін балабақшамызда ересек «Балауса» тобында тағылымы мол, мәні терең іс-шара өтті. Бұл ерекше сабақта ата-аналар балаларының ортасына келіп, өздері сабақ өткізіп көрді 👨‍👩‍👧‍👦 Бала үшін ата-ананың әр сөзі – өнеге, әр ісі – үлгі. Ал балабақша мен отбасының бірлесе атқарған жұмысы – болашаққа салынған берік негіз 🌳 Балалардың қызығушылығы мен белсенділігі, ата-аналардың ықыласы бұл күнді ерекше әсерге толтырды. Осындай бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін! ✨
Тәуелсіздік Күні✨
11
декабрь
2025
Тәуелсіздік Күні✨
✨16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!✨ Бүгін балабақшамызда ерекше әрі тағылымды іс-шара өтті. Ересек «Балауса» тобы Тәуелсіздік күніне орай керемет көңіл-күй сыйлады 💫 Балалар әдемі ұлттық нақышта киініп, түрлі қызықты ойындар ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Әрбір күлкі – бақыттың, әрбір қадам – жарқын болашақтың белгісі 💛 Тәуелсіз еліміздің ертеңі – бүгінгі балғындарымыз аман, бақытты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болғай✨
"Күншуақ" тобы
28
ноябрь
2025
"Күншуақ" тобы
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАЛАЛАР ҮШІН! 🔥 Балабақшада өрттің алдын алу үшін: ✔️ Балаларға отпен ойнауға болмайтыны түсіндіріледі. ✔️ Эвакуация жолдары бекітіліп, оқу-жаттығулар өткізіледі. ✔️ Электр және тұрмыстық құралдар қауіпсіз қолданады. Ата-аналар, үйде де қауіпсіздік ережелерін еске салып жүрейік. Балалардың амандығы – ең маңыздысы! ❤️
Форум: Жасанды интеллект балабақшада
26
ноябрь
2025
Форум: Жасанды интеллект балабақшада
Тәрбиеленушілер «Digital Minds: Жасанды интеллект дәуіріндегі мектеп-Қазақстанның тәуелсіз болашағы және роботтандырылған қоғамның дамуы» атты қалалық форумға қатысып,шебер сынып көрсетті.  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 19 Вперед