02
март
2026
"Көктем аруы-2026"
🌸 «Көктем аруы – 2026» 🌸
Балабақшамызда тәрбиешілер арасында өткен «Көктем аруы – 2026» байқауы шынайы сұлулық пен парасаттың, өнер мен кәсібиліктің мерекесіне айналды. Көктемнің нәзік лебі мен ұстаз жүрегінің жылуы үйлескен бұл кеш әр қатысушының таланты мен ішкі жан дүниесін айшықтай түсті.
Байқауға әділ қазы алқасы ретінде балабақшамыздың ардақты, зейнеткер меңгерушісі Сәрсембаева Ақтамақ Өмірбекқызы арнайы қатысып, ақ батасын беріп, ізгі тілегін арнады. Оның парасатты пікірі мен өмірлік тәжірибесі байқаудың мәртебесін одан әрі асқақтатты.
Әріптестеріміз өздерінің шығармашылығын, тапқырлығын, сахна мәдениетін және кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл байқау — тек сұлулық сайысы емес, жүрек жылуы мен ұстаздық болмыстың көрінісі болды.
Көктемдей құлпырған аруларымызға алғыс білдіреміз! 🌷
Өнеріміз өрлей берсін, ұжымымыздың бірлігі нығая берсін!