Топтар » КМҚК "№60 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№60 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 373-66-89
Әдіскер:
+7(727) 373-66-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жұлдыз" тобы
26
май
2026
"Жұлдыз" тобы
Кішкентай қадамдар үлкен арманға бастайды… ✨ Бүгін біз балабақшамен қоштасып, жаңа өмірге қадам басып тұрмыз. Әр күнімізді мейірімге бөлеген жандарға рақмет! 🌷 Балалықтың ең бақытты шағы есте мәңгі сақталады. 🧸
"Көгершін" тобы
26
май
2026
"Көгершін" тобы
Қош бол, балабақша! 🌸 Сен бізге күлкіге толы күндер, адал достар және бақытты балалық сыйладың. Бұл жер әрқашан ең жылы естеліктердің мекені болып қалады. 🫶 Алда — мектеп, жаңа арман, жаңа белестер! ✨
"Бәйтерек" тобы
25
май
2026
"Бәйтерек" тобы
Кішкентай қадамдармен басталған балабақшадағы тәтті күндер артта қалып барады. Ойынға толы таңдар, достармен күлкі, алғашқы үйренген өлеңдер мен билер — бәрі жүректе мәңгі қалады. 💛
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦🤗
12
январь
2026
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦🤗
«Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік»🚦 Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жол тәртібін білейік – аман-есен жүрейік» атты танымдық сабақ өткізілді. 🚷 Сабақ барысында тәрбиеленушілер жолда жүру ережелерімен танысып, жаяу жүргінші жолы, бағдаршамның түстері және жол белгілерінің маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Ойын түрінде ұйымдастырылған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, алған білімдерін есте сақтауға көмектесті.🚦 📍Қауіпсіздік – басты байлығымыз!
"Балауса" тобы✨
18
декабрь
2025
"Балауса" тобы✨
🌱 «Жапырақ тамырдан нәр алады» 🌱 Бүгін балабақшамызда ересек «Балауса» тобында тағылымы мол, мәні терең іс-шара өтті. Бұл ерекше сабақта ата-аналар балаларының ортасына келіп, өздері сабақ өткізіп көрді 👨‍👩‍👧‍👦 Бала үшін ата-ананың әр сөзі – өнеге, әр ісі – үлгі. Ал балабақша мен отбасының бірлесе атқарған жұмысы – болашаққа салынған берік негіз 🌳 Балалардың қызығушылығы мен белсенділігі, ата-аналардың ықыласы бұл күнді ерекше әсерге толтырды. Осындай бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін! ✨
"Күншуақ" тобы
28
ноябрь
2025
"Күншуақ" тобы
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАЛАЛАР ҮШІН! 🔥 Балабақшада өрттің алдын алу үшін: ✔️ Балаларға отпен ойнауға болмайтыны түсіндіріледі. ✔️ Эвакуация жолдары бекітіліп, оқу-жаттығулар өткізіледі. ✔️ Электр және тұрмыстық құралдар қауіпсіз қолданады. Ата-аналар, үйде де қауіпсіздік ережелерін еске салып жүрейік. Балалардың амандығы – ең маңыздысы! ❤️
Қауіпсіздік ережелері 🔥
17
ноябрь
2025
Қауіпсіздік ережелері 🔥
Балабақшамызда өрттің алдын алуы туралы тәрбие сағаты өтті. 🔥💧 Балалар қауіпсіздік ережелерін үйреніп, маңызды ақпаратпен танысты. Қауіпсіздік – әр күннің басты шарты! ❤️ "Қарлығаш" тобы 🤗
"Балабақша өз үйім" іс-шарасы 🤗
11
ноябрь
2025
"Балабақша өз үйім" іс-шарасы 🤗
"Балабакша өз үйім" 🤗 Балаларға қоғамдық, мүліктің маңыздылығын түсіндіру және оны ұқыпты ұстау, пайдалану, корғау дағдыларын қалыптастыру. "Жұлдыз" тобы ✨
"Балабақшадағы театр" 🎭✨
10
ноябрь
2025
"Балабақшадағы театр" 🎭✨
Бүгін балабақшамызда ерекше күн болды! 🎭✨ Құрметті ата-аналарымыз балаларға арнап керемет театр қойылымын дайындап, кішкентай көрермендерге нaғыз қуаныш сыйлады. Балалар қызығушылықпен тыңдап, көздері жанып тамашалады. ❤️ Осы тамаша сәтті сыйлаған ата-аналарға үлкен алғыс! Қолдауларыңыз бен еңбектеріңіз үшін рақмет! 🙏💛 Осындай жүрекке жылы шараларымыз көп болсын!
"Көліктер" туралы білім беру 🚗🚙
05
ноябрь
2025
"Көліктер" туралы білім беру 🚗🚙
Көліктер туралы білім беру іс-шарасы🚗🚙 Мақсаты: балалардың көліктер туралы түсінігін кеңейту,еңбек ететін мамандықтар туралы түсіндіру. Жолда жүру ережесін сақтауға, мейірімділікке, ұқыптылыққа, достыққа, көлік мамандарының, еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу 🤗 "Сұңқар" тобы 💐