23
декабрь
2025
"Жаңа жыл - жаңа жыр"🎄✨
"Жаңа жыл - жаңа жыр" тақырыбында балабақшамызда көңілді ертеңгілік өтті🥳 Ертеңгілікке "Балдырған" тобының ең кішкентай бүлдіршіндері қатысып, өздерінің алғашқы өнерлерін көрсетті. Балақайлар жаңа жылдық тақпақтарын айтып, қарапайым қимылдармен би билеп, көрермендердің көңілін толқытты💐
Кішкентайлардың сүйкімді қимылы, шат күлкісі мен әдемі жаңа жылдық киімдері мерекенің көркін аша түсті🥳 Ертеңгілік өте жылы атмосферада өтіп, ата-аналар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шара бүлдіршіндер үшін есте қаларлық алғашқы жаңа жылдық мереке болды. 🎄✨


