"Балауса" тобы✨
🌱 «Жапырақ тамырдан нәр алады» 🌱 Бүгін балабақшамызда ересек «Балауса» тобында тағылымы мол, мәні терең іс-шара өтті. Бұл ерекше сабақта ата-аналар балаларының ортасына келіп, өздері сабақ өткізіп көрді 👨👩👧👦 Бала үшін ата-ананың әр сөзі – өнеге, әр ісі – үлгі. Ал балабақша мен отбасының бірлесе атқарған жұмысы – болашаққа салынған берік негіз 🌳 Балалардың қызығушылығы мен белсенділігі, ата-аналардың ықыласы бұл күнді ерекше әсерге толтырды. Осындай бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін! ✨