«Өнері тамған арулар» атты қыз сыны
"Ұлы дала қазынасы”, «Жастар Отанға» жобасының аясында «Алма» бастауыш партия ұйымының мүшелері «Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз» мейрам қарсаңында «Өнері тамған арулар» атты қыз сынын өткізді.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету.
Партияның Саяси доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдық ретінде белгіленген. Сондықтан, бұл жоба ұлттық құндылықтарды көпшілікке танытуға және тәуелсіздік идеясын, елдегі халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты адамгершілік, Отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге арналады.
"Алма” бастауыш партия ұйымы №60 балабақшаның мақсаты - жастарды Қазақстандық Отан сүйгіштік рухында, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жоғары әлеуметтік-мәдени және моральді-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелеу. Осыған орай, "Ұлы дала қазынасы” мен «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларының аясында «Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз» мейрам қарсаңында «Өнері тамған арулар» атты қыз сынын өткізді. Бұл байқауымыздың қонағы Ауған соғысының ардагері Танабай Алтынбек Орманұлы бастауыш партия ұйым мүшелеріне алғыстарын білдіріп, батасын беріп қайтты.