"Әрқашан күн сөнбесін"
«Адамның бақыты балада» дегендей, әр баланың әрбір сәтін бақытқа, шаттыққа толтырып өткізу. Нағыз бақыттың дәмін балаларымызға қазір сезіндіру қажет, өйткені тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ ұлт болашағы. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөзді бабаларымыз тегін айтпаған. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Балаларымыздың тәрбиелі де, парасатты болып өсуіне «Алма» БПҰ №60 балабақша үлкен үлес қосып келеді.
«Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында 2017 жылдың 30 мамырында «Алма» БПҰ №60 балабақшасында «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілікте балалар би билеп, ойын ойнап, ән шырқады. Бүлдіршіндеріміз керемет көңіл – күйде болып, мәз-мейрам болды.